Қазақстан азаматтары коронавирус жұқтырғандармен бір кемеде отыр

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиз лайнерінде 50 елдің 3 700 азаматы карантинге оқшауланды. Коронавирус жұқтырудың 174 жағдайы расталды. Лайнерде Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, сынамаларына лабораториялық зерттеу жүргізіліп жатыр, — деді ресми өкіл.

Лайнердегі карантин 19 ақпанда аяқталады.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің мәліметіне қарағанда 5 ақпанда круиз көлігіндегі бір адамнан (Қытайдың Гонконгының азаматы) коронавирус анықталған. Содан бері лайнер карантинге жабылды. 3 күннен соң қауіпті вирусты 70 жолаушы жұқтырғаны белгілі болды, 10 ақпанда ауру жұқтырғандардың қатары 130-ға жетті.

Diamond Princess Иокогамадан сапарға 20 қаңтарда шығып, 3 ақпанда портқа оралған.