Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1113-ке жетті

Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасаған ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір күн бұрын коронавирус жұқтырғандар саны 42 600, қайтыс болғандар саны 1 016, ауруханадан шыққандар саны 3 996 болған еді.

Қазір 38 800 адам емделіп жатыр, оның 8 204-і ауыр халде. Сонымен бірге дәрігерлер пациенттермен байланыста болған 185 мыңнан астам адамды бақылауға алған. Қытайдың әкімшілік аудандарынан коронавирус инфекциясын Гонконгта 49 адам (біреуі қайтыс болды), Макаода 10 адам (біреуі ауруханадан шықты), Тайваньда 18 адам (біреуі сауығып шықты) жұқтырған.

Кейінгі бір тәулікте ауруды 2 015 адамның жаңадан жұқтырғаны және оның 744-інің ауруханадан шығарылғаны белгілі болды, 97 адам қайтыс болды, ауыр халде жатқан пациенттердің қатары бір тәулікте 871-ге жетті.

Коронавирус инфекциясы Қытайда 2019 жылдың соңынан бастап тарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа типіне COVID-2019 деген ресми атау берді.