Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар 14 ақпанда Алматыда жедел іздестіру шарасы нәтижесінде қолға түскен.
ҰҚК ұсталған адамдарды деструктив діни ағымның өкілі деп отыр, олар сот санкциясымен қамауға алынды.
Олардың мекенжайы бойынша тергеу іс-қимылын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуыл үшін таңдалған объектілердің фото және видеотүсірілімдері бар смартфондар алынды. Бұл адамдарға қатысты терроризм актіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Тергеудің мәліметінше, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда терроризм актілерін дайындаған. Тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қарағанды мен Таразда деструктив діни ағымның бес өкілін ұстаған еді. Мамандар оларға да кісі көп жиналатын орындарда терроризм актін жасамақ болған деген күдік келтірді. 2019 жылдың соңында ҰҚК үш терактінің жолын кесті.