Не болды?
Талапкерлер Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын университетке қабылдау талабын өзгертіп жіберді деп айыптады. Өзгеріс шығармашылық емтиханды талап ететін мамандықтарға қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
KazGASA-ға түсуге байланысты талапкерлердің шағымы әлеужеліде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары жоғары оқу орны грант конкурсына қойылатын ең төмен шекті балды емтиханға аз уақыт қалғанда 120 балға дейін көтергенін жазды.

Автордың жазбасына қарағанда, университет шығармашылық мамандық бойынша белгіленген ең төмен балды 110-нан 120 балға дейін көтерген. Ашық есік күнінде ең төмен балдың 110 болатыны айтылған, ал былтыр бұл көрсеткіш 100 балл болды.


Салдарынан грантқа үміткер бірқатар талапкер жаңа талапқа дайын емес екенін айтты.
Пікір жазғандардың айтуына қарағанда, өзгеріс жөнінде ресми хабарлама жарияланбаған. Көпшілік жаңа талап туралы университеттің жеке парақшасы арқылы ғана білгенін жеткізді.
KazGASA басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Университет мәліметінше, шығармашылық білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін белгіленген ең төмен балл – 120. Әкімшілік өкілдері грант конкурсына қатысу үшін шекті балды дербес белгілеуге заң жүзінде мүмкіндік берілгенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
KazGASA әкімшілігі ресми қабылдау науқаны 20 маусымда басталатынын еске салып, алда қабылдау ережесі, оқу ақысы және грантқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат жарияланатынын хабарлады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын тағайындау байқауына құжат 13-20 шілде аралығында қабылданады.
