Төтенше жағдайлар қызметі таудағы және қала ішіндегі қауіпті ескертті

Алматы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» болжамына сүйеніп, тұрғындар мен қала қонақтарына 17-18 ақпан күндері тауға шықпауды ескертіп отыр.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері бассейніндегі тау бөктерінде жауын-шашын, биіктік пен қар жабынының тұрақсыздығына байланысты 17-18 ақпан аралығында қар көшу қаупі бар. Көшкін туғызуы мүмкін болғандықтан адамдарға тауға бармауға, қарлы тік жастарға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар! — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге төтенше жағдайлар қызметі Алматы тұрғындарына автокөлікті ағаш түбіне қоймауды ескертіп отыр. Басын қар шалған ағаш автокөлікке ғана емес, адамдарға да қауіпті.