Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын, — делінген құжатта.

Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Асқар Мырзахметов Жамбыл облысын 2018 жылдың 10 ақпанынан бері басқарды.

Бердібек Сапарбаев 2019 жылдың 20 тамызынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.