Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Синоптиктер сәрсенбі жауын-шашынды болатынын хабарлады

Фото: Vestipmr.info

Республика бойынша кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, өңірдің басым бөлігінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, Қостанай облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Нұр-Сұлтанда көктайғақ пен екпіні секундына 15-20 метрге жететін желге байланысты ескерту жарияланды. Павлодар, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде және Шымкентте тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған автокөлік жолдары туралы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті сайтынан білуге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=huIzx1YnpBo

Көлік жүргізушілерін қарлы боран қатерінен құтқаратын 7 ереже

Мақалаға реакция