Қазақстанда былтыр 42,34 миллиард теңгенің киім-кешегі өндірілген, бұл 2018 жылдың 12 айымен салыстырғанда 19,8% көп (35,34 миллиард теңге). Инфляцияны ескергенде өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі 8,2% болды.

Energyprom.kz мамандарының хабарлауынша, киім-кешекті негізінен үш өңір өндіреді: Алматы облысында былтыр 9,51 миллиард теңгенің өнімі өндірілген, 2018 жылы өндіріс 6,07 миллиард теңге болған, Алматыда 6,08 миллиард теңгенің киім-кешегі шығарылған, бір жыл бұрын көрсеткіш 5,56 миллиард теңге болды. Киім-кешек өндіретін үшінші ірі өңір — Шымкент, былтыр 4,76 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, жергілікті кәсіпорындар 2018 жылы 3,73 миллиард теңгенің киім-кешегін өндірген.

Алматы облысына Қазақстанда 2019 жылы шығарылған киім-кешектің 22,5%-і, Алматыға 14,4%-і, Шымкентке 11,2%-і тиесілі.

Киім-кешек

Киім-кешектің ішінде трикотаж бұйымдар 2018 жылғыдан 85%, шұлық 43,6%, баскиім 36,9%, жануар терісінен жасалған киім 27,2%, свитер-жемпір және басқа да киім 21,2% көп өндірілген.

Киім-кешек

Елімізде киім-кешек өндірісі артқанымен ішкі нарықта отандық өнімге деген сұраныс өте аз. 2019 жылдың 11 айында сыртқы киім бойынша нарық сұранысының 1,9%-ін, ішкиім бойынша 1,1%-ін, сәбилер киімі бойынша 0,4%-ін, свитер-жемпір бойынша 2,1%-ін ғана Қазақстан компаниялары өтеген. Қазақстан кәсіпорындары өндіретін шұлық қана өтімдірек — былтыр 9% сұраныс болған.

2019 жылы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанға 576,1 миллион доллардың (55,4 мың тонна) киім-кешегі импортталды. Сома бойынша бұл 2018 жылдың 11 айындағыдан 17,8%, киім-кешек салмағы бойынша 59,5% көп.

Қазақстанға киім-кешек Ресей мен Өзбекстаннан, Қытайдан, Түркия мен Бангладештен көп келеді.

Киім-кешек

Energyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, 2019 жылы елімізде киім-кешек бағасы 7,1% өскен. Ерлер киімі 7,3%, әйелдер киімі 6,7%, балалар киімі 7,6% қымбаттады.

Киім-кешек

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!