Шұлықпен ұйықтаған пайдалы екенін білесіз бе?

Қытай ғалымдарының зерттеулері туралы Nature журналына сілтеме бере отырып, spbdnevnik.ru сайты жазды.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, ұйықтағанда аяғы жылы жататын адамдардың қан тамырлары кеңіп, мида ұйықтау туралы сигнал пайда болады. Сол себепті шұлық киіп ұйықтау — ұйқысыздыққа қарсы таптырмас құрал. Зерттеуде шұлықпен жатқан адамдар күндегіден 15 минутқа ерте ұйықтайтыны жазылған.

Шұлықпен ұйықтау төсек қатынасына қатысты мәселелерге де шешім бола алады. Зерттеуге қатысқан адамдардың 80%-ы әдеттегіден ерекше ләззат алғандарын айтқан.