Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовке мерейтойға жоспарланған шығынды қысқарту керек екенін айтты.
Біздің мерекелік шаралар тұлғаны дәріптеу үшін. Көп концерт ұйымдастырудың, тіпті, демеушілердің қаржысымен шетел артистерін тартудың қажеті жоқ. Менің ойымша, бұл іс-шараның бәрін іскерлік бағытта өткізу керек. Сіз тәжірибелі адамсыз, әкімдердің ішіндегі ең тәжірибелі шығарсыз, сол себепті Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізілетін барлық іс-шараға мұқият көңіл бөліңіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент іс-шаралар нақты нәтиже беруі және идеологиялық мәні болуы керек екенін айтты.
Іс-шараның бәріне дәл осындай көзқараспен қарау керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Абайдың 175 жылдық мерейтойы 2020 жылы 21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда «Астана Опера» театрында ресми түрде басталды. Мәдениет және спорт министрлігі мерейтой аясындағы шараларға 3 миллиард теңге жұмсалатынын хабарлады.