Қазақстан Абайдың 175 жылдығын тойлауды бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойы өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Akorda.kz

«Қазақ халқы — Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО мен Қазақстанның халық артистері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен басқа да өнер қайраткерлері қатысты.

Абайдың 175 жылдығының ашылуына арналған салтанатты шара
Фото: Akorda.kz

Абайдың 175 жылдығын тойлауға 3 миллиард теңге жұмсалады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 20 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? — ғалымдар пікірі

Наурыз мейрамы мұсылмандыққа қайшы деген пікір бар. Наурыз тойлау халал ма? Бұл туралы ҚМДБ маманы Хасан Аманқұл мен тарихшы, дінтанушы Ернар Атаулан тарқатып айтты.

ТМД байқаушылары сайлауға қатысты пікір айтты

Қазақстандағы мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау процесін ТМД парламентаралық ассамблеясы атынан 61 байқаушы қарап отыр.

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мереке күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Хабарламаға сәйкес, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Күн ашық және жылы болуы мүмкін.

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 23 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.