«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша бүгін өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста боран соғады, оңтүстікте көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Қарағанды облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады. Алматы облысында түнде Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде және Нұр-Сұлтанда тұман түседі.