Жұмада республиканың көп бөлігінде боран соғады

Республика бойынша кей жерде боран, күшті жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Өңірлерде ескерту жарияланды.

Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында боран соғады, Павлодар облысында кей жерде қатты боран соғады, Ақмола, Павлодар облыстарында жел екпіні секундына 30 метрден асады, көктайғақ болады, Қостанай облысында тұман түседі. Қарағанды ​​облысында екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні секундына 30 метрден асады, өңірдің кей жерінде боран соғады, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі, Қызылорда облысында кей жерде таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Нұр-Сұлтанда қар жауады, боран соғады, кей жерде көктайғақ болады, екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады.