Бір жыл бұрын Қазақстанда 433,8 мың кәсіпорын тіркелген, сол кезде заңды тұлғалар саны бір жылда 5,1% көбейген еді.

Finprom.kz мамандарының мәліметінше, тіркелген заңды тұлғалардың 308 мыңы жұмыс істеп тұр. Олардың 11,7%-інің немесе 36,1 мыңының ашылғанына бір ғана жыл болған. 2019 жылдың басында жаңадан ашылған кәсіпорындардың саны 38,6 мың болған еді.

Кәсіпорындар саны

119,9 мың кәсіпорын ашылғанына 5 жылға жуықтаған заңды тұлғалардың қатарында. Елдегі барлық заңды тұлғаның арасында олардың үлесі — 38,9%.

Ал Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың арасында ашылғанына 6 жылдан 10 жылға дейін уақыт болғандарының үлесі — 19,3%. Кәсіпорындардың тағы 14,6%-іне 11-15 жыл, 9,3%-іне 16-20 жыл, 5,2%-іне 21-25 жыл болған. Ел нарығында 25 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың үлесі — 0,9% ғана.

Кәсіпорындар жасы

«Ұзақ жасаған» кәсіпорындардың өз статистикасы бар: ірі бизнесте 25 жылдан асқан кәсіпорындардың үлесі — 3,3%, орта бизнесте 2,5%, шағын бизнесте 0,9%.

Кәсіпорындар жасы

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!