Қор өкілдері көшеге «SEX. «Ал енді сіздерден бізге назар аударып, ойлануыңызды сұраймыз: Бала туатын жастағы қазақстандықтардың 15%-і бедеуліктен зардап шегеді. Қазақстанның 20 000 азаматы бала сүйе алмайды. Басты себеп — аборт. Аборттың басты себебі — қорғалмаған секс» деп жазылған плакат ұстап шықты. Олар қала тұрғындарына «Жастар репродукциясын қалай қорғауға болады», «Жасанды түсік пен жоспарланбаған жүктілік санын қалай азайтуға болады?» деген сауалдарды қойған.
Адамдардың көбі бұл мәселеге жауап беруге қысылатынын айтты. Бірнеше адам ғана қауіпсіз секс мәселелерін ашық талқылауға кірісті.
«Аман-саулық» қорының мәліметінше, бүгінде жастардың 21%-і немесе 18-29 жас аралығындағы әрбір бесінші адам кәмелетке толмай-ақ жыныстық қатынасқа түседі. Жыл сайын 5000-ға жуық жасөспірім қыз аяғы ауыр болып қалады. Ал контрацептивтерді 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тек 30%-і пайдаланады екен. Бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыларға келсек, мұндай жұптардың қатары — 20 000-дай.
Біздің шағын әлеуметтік эксперимент мегаполис тұрғындары жыныстық тәрбие мен қауіпсіз секс мәселелерін ашық талқылауға дайын емес екенін көрсетті. Қазақстанда жоспарланбаған жүктілік пен түсік тастау жағдайларының көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұл мәселе мемлекет жастарға жыныстық білім беру мәселелеріне ерекше мән бермейінше және бұл тақырыпта ата-ана мен бала арасында дұрыс диалог қалыптаспайынша шешілмейді. Әлемдік тәжірибе ақпараттанған жасөспірімдер саналы жыныстық өмір сүре бастайтынын және контрацепцияға мұқият қарайтынын көрсетіп отыр, — дейді қор президенті Бақыт Түменова.
«Аман-саулық» өкілдерінің мәліметінше, қоғам жыл сайын жастардың ерте жыныстық өмірі, кездейсоқ жыныстық қатынас, секс гигиенасына немқұрайлы қарау, қажетсіз жүктілік, түсік тастау, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыру сияқты проблемаларға кезігеді.
Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының 2019 жылдың 1 тоқсанындағы мәліметі бойынша Қазақстанда жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық-психологиялық қызмет көрсететін 116 мекеме жұмыс істейді.