Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы баяндады.
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5%, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25%, тұрғын үй құрылысы 30% өскен.
Өмірзақ Шөкеев 2020 жылдың қазан айына жоспарланған жаңарған Түркістанның таныстырылымына дайындық барысы жайында және Арысты қалпына келтіру жұмысының толық аяқталғаны жөнінде айтты.
Президент облыс әкіміне атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.