Арыста жеті мыңға жуық үйдің құрылысы аяқталды

Қалпына келтіруді қажет ететін үйдің 90,7%-іне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Арыста жалпы тұрғын үй саны — 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететін үй саны — 7197. Ал 433 баспананы толық қалпына келтіру керек болған. Осы уақытқа дейін 6924 үйде жөндеу жұмысы толық бітті. Қазіргі таңда 101 жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары басталған жоқ. Оның ішінде 53 үйдің иелері баспананы жөндеуге келісім бермеді, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Арыс әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үй қайта соғылып жатыр. Әр сектордағы жұмысты жүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, аудандардан 315 жұмысшы шақырылды.

ДереккөзТengrinews.kz