«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, желтоқсанның 18-інде Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа райына циклонның терең жырасы мен соның атмосфера фронттары ықпал етеді. Соған байланысты жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте қар жауады. Ал еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында Моңғолия антициклонының әсерінен күн ашық, жауын-шашынсыз болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Қарағанды, Ақмола облыстарында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, Қарағанды облысында көктайғақ болады. Павлодар облысында тұман түседі. Алматы облысында да тұман түседі, көктайғақ болады, облыстың Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Шымкентте тұман мен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.