Саяси қуғын-сүргін құрбандарының, аштық құрбандарының, қазақтың атақты хандарының, би-шешендері мен батырларының әлі айтылмай қалған жақтарын қазіргі ұрпаққа жеткізу арқылы келер ұрпаққа танытқымыз келеді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қанша жыл толса да қазақ әдебиетінің, сол арқылы қазақ халқының әлемдік деңгейдегі өркениет кеңістігін танытқымыз келеді, — деді филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов.
Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.