Бейсенбідегі ауа райы: қай өңірлерде аздаған қар жауады?

Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болады, тұман түседі, аздаған қар жауады, батыста жел күшейеді.

Манғыстау облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Атырау облысында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан облыстарында күн тұманды болады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 28-30 қараша күндері түнгі және таңғы уақытта 100-500 метрге дейінгі қашықтықты көрсетпей қоятын тұман түсетінін және қалыпты аяз бен көктайғақ болатынын хабарлаған еді.