Алматыда қардың қалыңдығы 18 сантиметрге жетті

Алматыда тәуліктен астам уақыт бойы қар жауып жатыр. Қар 25 қарашада түстен кейін тоқтауы мүмкін. Әзірше қалаға қалыңдығы 8-13 сантиметр қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда қар қалыңдығы 18 сантиметрге жетті.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көктайғақты болдырмау мақсатында түн мезгілінде көше-жолдарға арнайы материал себілді, қар жауған кезде төгілгені — 4 609 тонна. Түнде 417 арнайы техника, оның ішінде құмлақтырғыш 172 техника жұмыс істеді, көшелердің қарын тазалауға 627 жұмысшы шықты.

Алматыдағы қар
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Ал қазіргі уақытта 508 техника мен 1 788 адам жұмыс істеп жатыр.

Таңғы тығыз уақытқа дейін тротуарлар, ортақ пайдаланылатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан тазартылды, — деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 25 қарашада елімізде батыстан басқа өңірлердің бәрінде қар жауатынын хабарлаған еді.