Басты бетҚоғамСемейде бағаны...

Семейде бағаны тұрақтандыру қоры іске қосылды

2019-2020 жылдардағы маусымаралық кезеңде «Ертіс» ӘКК АҚ Семей үшін 3000 тонна картоп және көкөніс сатып алды. Оның ішінде картоп – 1500 тонна, қырыққабат — 500 тонна, сәбіз — 400 тонна, пияз — 600 тонна.

Тұрақтандыру қорының өнімдерін сату үшін бөлшек сауда кәсіпорындарымен келісім жүргізіліп жатыр. 2019 жылдың 19 қарашасына дейін 40 меморандум жасалды.

Сонымен қатар, осы жылдың қарашасынан бастап «Агрофирма» «Приречное» ЖШС сауда үшін 12  орын бөлінді. Жұмыс осы жылдың қарашасында басталып, 2020 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады.

10% сауда төлемін ескергенде бөлшек сауда бағасы 1 келіге 77 теңге. Бұл баға тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізудің барлық кезеңіне тіркелген.