Басты бетЖаңалықтарАлматы прокуратурасы...

Алматы прокуратурасы есірткі жарнамасы туралы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде UNION-CHALLENGE фирмасының есірткі құралдарын насихаттайтын жарнама билборды қызу талқыланып жатыр. Соған байланысты Алматы прокуратурасы ескерту жариялады.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптары бойынша есірткі құралдарын насихаттау мен жарнамалауға тыйым салынады. Осыған байланысты аталған жарнаманы орналастырған Алматы компаниясы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 423-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, билборд бұзылды, — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, биыл Алматыда 320 келіден астам есірткі тәркіленді және есірткі сатқан 200-ден астам интернет-ресурс жабылды.

Прокуратура есірткі тарататын ұйымдасқан қылмыстық топтарды, соның ішінде интернет-ресурстар мен оларды жеткізу арналары арқылы анықтау бойынша жұмысты күшейткелі отыр.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алматыда және Нұр-Сұлтанда есірткі жарнамасы орналасқан билбордтар табылды. Жарнаманы «Наружная реклама — Регионы» ЖШС өкілі ілген.