Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» стратегиясын бірге талқылауға шақырды

Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» даму стратегиясына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады.

Алматы әкімі Instagram-парақшасында құжатты талқылауға шақырған видеосын жариялады.

Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды емес, сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамды шаһардың басты құжаты болатын жобаға пікір білдіруін сұраймын. Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс. Мұнда пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Бәріміз бірлесе жұмыс істейік, — деді Алматы әкімі.

View this post on Instagram

21.11.2019 Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын. Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс. Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады. Мұнда сіздер пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Бәріміз бірлесе жұмыс істейік!

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on

Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz сайтында жарияланады.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында 7 стратегиялық басымдық қамтылған:

1. Шетсіз қала;

2. «Ақылды» қала;

3. Тең мүмкіндіктер қаласы;

4. Қауіпсіз қала;

5. Жасыл қала;

6. Жаһандық іскерлік орталық;

7. Мәдени креатив қала.