Басты бетЖаңалықтарАлматы дәрігерлері...

Алматы дәрігерлері қант диабеті көздің көруін нашарлататынын айтты

Қазақстанда бұл аурумен 400 мыңға жуық адам ауырады. Офтальмолог дәрігер Ралия Сабирова диабетпен ауыратындардың үштен бірінің көру қабілеті нашарлайтынын айтты.

Әлемде диабет себебінен 145 миллион адамның көзі нашар көреді. Болжам бойынша 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 224 миллион адамға жетуі ықтимал. Ал 70 миллион адам көру қабілетін толық жоғалтуы мүмкін, — деді Ралия Сабирова.

Конференцияға қатысқан дәрігерлердің айтуынша, диабет себебінен көздің нашарлауын емдеуге болады. Диабетті тиімді, мұқият емдеп, көзді уақтылы тексертіп, проблемасын алдын ала білсе, көздің көруі толық қалпына келеді.