Қозғалысы аз өмір салты

Қала халқының басым бөлігі күн тәртібінен дене жаттығуларын сызып, қозғалыссыз отыратын өмір салтын таңдайды. Өкінішке қарай, денсаулық пен көңіл-күйге мұндай тәсіл айтарлықтай зиян келтіреді.

Бір орында отыратын өмір салты кеңседегі жұмыспен ғана байланысты емес, осы анықтамаға күні бойы жеткілікті физикалық жүктеме алмайтын үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткер адамдардың да үйреншікті ырғағы кіреді. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына, диабетке, арқа ауруларына, остеохондрозға, бас ауруына және көздің нашар көруіне әкелуі мүмкін. Ғалымдар «кеңсе диагноздарының» ерекше тобын атаған. Олардың арасында шаршау, жұмысқа қабілеттің төмендеуі, созылмалы шаршау синдромы бар.

Мәселені күш салмай-ақ шешу мүмкіндіктері бар. Мұндай өмір салтымен спорт жаттығуларының көмегімен күресуге болады. Осы бойынша әмбебап кеңес жоқ, бірақ кез келген физикалық жүктеме пайдаға жарайды. Әр сағат сайын серуендеу немесе жаттығу түрлеріне 10 минут арнау жеткілікті. Ең бастысы, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Мысалы, жұмыстан кейін жаяу жүріңіз, лифттің орнына баспалдақтарды пайдаланыңыз, автокөлігіңзді жұмыс орнынан алыстау тұраққа қойыңыз, жұмысқа мүмкіндігінше велосипедпен немесе жаяу барыңыз.

Дұрыс тамақтану

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, дұрыс тамақтанбау — бүкіл әлемдегі денсаулық үшін негізгі қауіп-қатердің бірі.

Фастфудқа әуестену, тамақтанудың теңгерімсіздігі — мұның бәрі салмақ жинаудың алғышарттары. Бірақ артық салмақ эстетикалық проблема ғана емес, денсаулық үшін үлкен қатер. Өйткені ол гипертония, жүректің ишемия ауруы мен қант диабеті сияқты әртүрлі ауруға себеп болады.

Қазақстанның ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, қазақстандықтардың 20%-тен астамы семіздікке шалдыққан. Олардың көбі негізінен солтүстік және орталық Қазақстанның, Маңғыстау облысының тұрғындары. Сарапшылардың айтуынша, семіздік жылдан жылға ұлғайып келеді. Кіші жастағы балалар арасында семіздіктің таралуы қазіргі уақытта 40 жыл бұрын болған көрсеткіштен 10 есе асып түседі.

Қала тұрғынының тамақтануында ең көп таралған үш мәселе бар. Олар — майларды тұтынудың жоғары деңгейі, тұз бен қант нормасының артуы, рационда көкөністер мен жемістердің төмен болуы.

Алкоголь

Бір стақан алкогольге бола жұмыстан кейін достармен отыру демалудың немесе негатив шығарудың тиімді тәсілі дей алмаймыз. Алкогольдің жүйке жүйесін бұзатыны ешкімге құпия емес. Спирттік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан туындаған көптеген ауру тек ішкі органдардың зақымдануына емес, жеке тұлғаның жалпы бұзылуына, агрессив мінез-құлыққа және түзетілмейтін салдарларға әкеп соғуы да мүмкін.

Алкогольдің ағзаға әсерін қалай төмендетуге болады? Жалғыз жолы — өзін-өзі бақылауды күшейту. Ол үшін аптасына алкогольді тұтынудың шегін анықтаңыз, қолдану мөлшерін азайтыңыз және өзіңіз белгілеген шеңберден шықпауға тырысыңыз. Көбірек су ішіңіз, алкогольдің зияны көп жағдайда ағзаны сусыздандырады.

Темекі шегу

Бұл әдеттің зиян екені бәріне аян. Бірақ темекісіз бір күн де өмір сүре алмайтын жандар бар. Бұл жаман әдеттен бас тарту оңай емес. Себебі никотин адамды өзіне тәуелді етеді. Ауыр сырқаттардың ең негізгі себебі никотин емес. Денсаулыққа оның канцерогендері мен шайыр түтінінен бөлінетін заттар зиян.

Зиянды төмендету тұжырымдамасына сәйкес, денсаулыққа қауіп-қатерді зияны азырақ балама өнімдерге: никотин бұласыр, сағыз, никотинді жеткізудің электрон жүйелеріне (ЭСДН) көшу жолымен төмендетуге болады. Осы айтылғандардың соңғылары шылым шегуден бас тартқан кезде ең тиімді деп саналады әрі никотинді тұтынудың зиянын төмендетеді. Бұл ретте темекі жанбайды, белгілі бір температурада қызады және түтін, шайыр және канцерогендерді бөлмейді. Көптеген халықаралық сарапшының пікірінше, оны пайдалану зиянды орта есеппен 95% төмендетеді және олар дәстүрлі шылым шегудің ең жақсы баламасы екен.

Стресс

Қала өмірінің тағы бір синонимі — стресс. Адамдардың көпшілігі өмірде кем дегенде бір рет созылмалы стресс симптомдарын атап өтеді: тұрақты шаршау сезімі, тітіркену, әлденені істеуге деген ниеттің жоғалуы, таңертең ерте тұру, жұмысқа немесе мектепте бейімделу сияқты қиындықтар.

Өмір сапасын арттыру үшін стресс әсерін қалай азайтуға болады? Қаладағы стресс деңгейін төмендетуге спорт, саяхат және жақын адамдарыңыз көмектеседі. Жаттығу залында стресс пен жағымсыз эмоцияларды тастап, әдемі де сымбатты дене бітімі мен жақсы көңіл-күйді аласыз. Жағдайды өзгерту — күнделікті стресс пен күйзелістен арылып, демалудың жағымды тәсілдерінің бірі. Тіпті, қысқа сапар мен қала сыртына шығып, саяхат жасау да жаңа жағымды эмоциялар әкеледі. 

Мегаполисте салауатты өмір салтын ұстанып, өмір сүру сапасын жақсартуға болады. Тек өз денсаулығыңыз үшін жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз. Өзіңіз үшін уақыт тауып, сізді бақытты ететін нәрселерге көңіл бөліңіз. Тамақтану рационын қадағалаңыз, дұрыс ұйықтаңыз, зиян әдеттеріңізді бақылаңыз, белсенді болыңыз және жиі қозғалыңыз.