Тоғыз елдің қаржы нарығын реттейтін орган Алматыда орналасады

Конференцияда Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2025 жылдан бастап Еуразия экономика одағына мүше елдердің ортақ қаржы нарығын реттейтін мемлекеттіктен жоғары орган Алматыда орналасатынын айтты.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің бас кеңсесі Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшсе де Алматы Қазақстанның қаржы орталығы мәртебесін жоғалтпайды. Мұнда екіншідеңгейлі банктердің жетекші органдары, Құнды қағаздардың орталық депозитарийі, Мемлекеттік несие бюросы және барлық қаржы ұйымдары қалады.

Алматыдағы қаржы институттарының мәртебесіне қатысты алаңдаушылық бар екенін білемін. Халықаралық валюта қоры жақында Орталық Азияның, Кавказ бен Моңғолияның 9 мемлекеті үшін техникалық көмек беретін Техникалық аймақтық орталық құрылатынын мәлімдеді. 2020 жылдан бастап бұл орталық Алматыда орналасады. Оның үстіне, Ұлттық банк астанаға түпкілікті көшкен жағдайда қаржы нарығын реттеу органымен және қаржы орталығымен тиімді өзара байланыс үшін Алматыда тұрақты өкілдігін ашады, — деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

ҚР Ұлттық банк басшысы қаржы бөлігінде Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанмен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жоспарлары туралы да айтты.

Жақында Минскіде болғанымызда 2025 жылдан бастап Алматыда Еуразия экономика одағына мүше елдердің ортақ қаржы нарығын реттейтін мемлекеттіктен жоғары орган құрылады деген шешімін растадық, — деді Ерболат Досаев.

ДереккөзZakon.kz