Басты бетЖаңалықтарАлматыда Құрманғазы...

Алматыда Құрманғазы оркестрінің мерейтойы аталып өтті

Аты аңызға айналған «ата» оркестр — «Құрманғазының» музыканттары кеште Айтқали Жайымов пен оның ұлы, композитор Арман Жайымның шығармаларын орындады. Концертке белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Үлкенбаева, қобызшы Әсел Рахымжан, домбырашы Батыржан Мықтыбаев және Нұр-Сұлтаннан келген жас әншілер Алтынбек Әбілда мен Шаһризада Тыныштық қатысты.

Айтали Жайымов — оркестрге арналған «Ереуіл атқа ер салмай», «Шалқыма», «Отпан тау», «Толғау», «Балдәурен», «Мен сәлем жазамын», «Кемеңгер Құрманғазы» және тағы басқа шығармалардың, ондаған романс пен ән-хорлармен бірге жеке домбыраға арналған 30-дан астам күйлер мен әртүрлі аспаптарға жазылған пьесалардың авторы.

Айтқали Жайымов халық композиторлары Қорқыт, Кетбұға, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Махамбет, Тәттімбет, Абыл, Есір, Байсерке, Қартбай, Қазанғап, Сейтек, Сүгірдің күйлері мен Қазақстан және шетел композиторларының көптеген шығармаларын халық аспаптары оркестріне лайықтап түсірді.

ДереккөзOner.kz