Жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың «Ұлы дала толғауы» атты шығармашылық кеші

Ғаламат Бейсеқожаев 2001 жылы 3 наурызда Алматыда дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкамектеп-интернатының түлегі. «Махамбет оқуы», «Абай оқуы» республикалық конкурстарының бас жүлде иегері. Күй қоржынында «Наурыз», «Қасқарау», «Жазғытұры», «Абай толғауы», «Махамбет», «Қосбасар», «Қордай», «Жеңіс», «Жауынгер» және басқа да күйлері бар. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Атадан мұра» күйінің авторы.

2016 жылы Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналған «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кешін, 2017 жылы Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханада арналған «Атадан мұра» күйі кешін, 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен  Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналған «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кешін өткізді.