Басты бетЖаңалықтар14 қарашадағы...

14 қарашадағы ауа райы: қар жауады және көктайғақ болады

Мамандардың болжамына қарағанда солтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады, солтүстікте және шығыста қар жауып, тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күн тұманды болады, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында көктайғақ болады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 14-16 қараша күндері елімізде 25 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған еді.