Басты бетЖаңалықтарӘскери-патриоттық "Сарбаз"...

Әскери-патриоттық «Сарбаз» газеті 90 жылдығын тойлады

Газеттің 90 жылдағы Қазақстандағы әскери баспа журналистиканың қалыптасуына қосқан үлесін ескеріп, Қорғаныс министрлігі әскери журналистика саласындағы «Әскер медиа-2019» сыйлығын тапсыру жөнінде шешім қабылдады.

«Сарбаз» газеті Қазақ әскери комиссариаты мен қазіргі «Егемен Қазақстан» басылымының «Qьsul әѕкег» қазақ әскери газетінен бастау алады. Ол аптасына бір рет латын қарпімен қазақ тілінде шығып тұрған. «Жауынгерлік ту» атымен 20 жыл үздіксіз шығып тұрып, 1989 жылдың мамырында басылым жабылып, редакция таратылған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң «Жауынгерлік ту» газетінің негізінде Қорғаныс министрлігінің орталық баспа органы – «Қазақстан сарбаздары — Воин Казахстана» газеті ашылды. Бірінші нөмір 1992 жылдың 16 желтоқсанында қазақ және орыс тілдерінде шықты.

«Қазақстан сарбаздары» еліміздің басты әскери басылымына айналды. Бірінші нөмірде Тұңғыш Президенттің алғысөзі жазылды.

Газет республиканың қорғаныс мүдделерін және қарулы қорғаушыларын, дос мемлекеттермен тиімді байланысты білдіруші болуға тиіс. Жастардың әскери борышын адал атқаруға ұмтылысын оятып, патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды, — деп жазды Тұңғыш Президент.

"Сарбаз" газеті, 90 жыл
Фото: Inform.kz

Газеттің бірінші редакторы подполковник Виль Рахманқұлов болды. Басылымда Сапарғали Жағыпаров, Григорий Красилов, Николай Завьялов, Николай Мальцев, Александр Бавтуто, Василий Даньшин, Людмила Бондарцова, Орталық Азияға танымал әскери фототілші Виктор Дубровченко сияқты журналистер жұмыс істеді.

Қазір редакция штатында 10 журналист пен өңірдегі тілшілер жұмыс істеп жатыр.

ДереккөзInform.kz