«Қазгидрометтің» хабарлауынша, жауын-шашын солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда ғана түседі, бұл өңірлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Республиканың бірнеше аймағында тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, Ақмола облысында тұман түседі, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Қарағанды облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел мен жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында да күн тұманды болады. Нұр-Сұлтанда тұман мен желдің секундына 15-20 метрге күшейетініне байланысты ескерту жарияланды.