Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.
Түркістан — түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан мен осы өңірдің дамуы қашан да Елбасының жіті назарында. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр, — деп жазды Айдос Үкібай.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы жаңа рухани-мәдени нысандардың, саябақтардың, «Арбаттың» құрылыс жоспарымен және Күлтөбе қалашығы орнындағы археологиялық парк жобасымен танысты.