Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді.
Қолдасаңыздар, 2022 жылдан бастап елдің басқа аймақтарында жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйлерді салу мәселесін көтеру жоспарланып отыр, — деді Дәурен Абаев депутаттарға.
Оның мәлімдеуінше, жұмыс істейтін жастарға Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Шымкенттен 2019 жылы үш мың пәтер бес жылға жалға беріледі. Болжам бойынша жалға беру құны айына 15 мың теңгеден аспайды. Пәтердің ауданы шамамен 40 шаршы метрден кем болмайды.
Нұр-Сұлтан бойынша өтініштер бүгіннен бастап қабылданады. Алматыда 200-ден астам өтініш жиналды. Бұл шараны жастар республикалық маңызы бар қалаларға қоныс аударуға шақыру мақсатында жасалып жатыр деп түсініп қалмауы керек. Себебі негізгі критерийдің бірі — қалада кемінде екі жыл тұрақты тіркеуде болуы қажет, — деді министр.
Жоспар бойынша жастарға үш жыл ішінде тоғыз мың пәтер беру жоспарланып отыр.