Жастар жылының бірнеше жобасы іске аспай қалуы мүмкін

Жастар жылы аясында жол картасы қабылданды. Бірақ оның бірнеше жобасының іске асырылмай қалу қаупі бар. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты.

Жастар жылы аясында Үкімет жол картасын қабылдады. Құжат 89 пунктіден тұрады, әрқайсы жастардың өмірлік маңызды мәселелеріне қатысты: баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, білім беру, жас отбасыларды қолдау және әлеуметтік белсенділікті дамыту, — Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, бүгінде жол картасының 13 пункті түгел іске асырылды, қалған 76 шара іске асырылу деңгейінде, мысалы, үш жылға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы 2021 жылы аяқталады.

Бірнеше жобаның іске асырылмай қалу қаупі бар. Басты себебі — орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік органдардың өзара келіспей әрекет етуі, кейбір министрліктің қайта құрылуы немесе жеткізушілердің байқауларға қатысуға ниетінің болмауы, — деді министр.

Жол картасы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан жастарын кәсіпке бейімдеуге бағытталған «Өзіңді тап» жобасын іске асыруға тиіс болған. Дәурен Абаевтың айтуынша, оны іске асыру жөніндегі байқау өткізілмеді деп танылып, қайта өткізілгелі жатыр.

Тағы бір пункт — Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстанның жас жазушылары шығармашылығын қолдауға арналған Әдебиет академиясын ашуы. Бірақ қазір бұған қатысты ортақ позиция, бірыңғай көзқарас жүйеленіп жатыр. Тұтас алғанда, іске асырылмай қалу қаупі бар жобалар бойынша мәселенің шешімін іздестіріп жатырмыз, — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

ДереккөзZakon.kz