Ауданда Қарттар күніне орай қарттар айлығы өтіп жатыр. Оның мақсаты — бір ай аудан қарттарына арнап мерекелік кеш ұйымдастыру, оларға қолдау көрсетіп, көмектесу.
Шарада қарияларды Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов, аудан әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Бәтима Ыбыраева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төраға орынбасары Найля Ордабаева құттықтады. Олар қарияларға әрқашан бас ие отырып, оларды үлгі тұтатындарын айтты.
Айта кетейік, Қарттар күнін 1 қазанда дүниежүзі тойлайды. Бұл мереке 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ-ның бас ассамблеясында бекітілген. Оның мақсаты — қарттарға қолдау көрсету.