Анфиса Пудовкинаны 100 жасымен Әуезов ауданы әкімі құттықтады

Аудан басшысы қарияның еңбегін бүгінгі ұрпақ бағалайтынын айтты.

Қанша уақыт өтсе де 1945 жылдың 9 мамырындағы жеңістің қандай қиындықпен келгенін білеміз. Жеңіске жеткізген ата-әжелеріміздің ерлігіне, еңбегіне бас иеміз. Көзі тірі ардагерлерімізді сыйлап, ескеріп жүреміз, — деді Сайран Сайфеденов.

Анфиса Пудовкина 1919 жылдың 11 қазанында Ресейдің Пермь облысында туған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жұбайының жұмысы бойынша Қазақстанға көшіп келген. Тігінші болып жұмыс істеген. Жұбайы екеуі екі ұл өсіріп, жеткізді. Қазір алты немересі мен тоғыз шөбересі бар.