Қазақстаннан мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды

Энергетика, Ішкі істер министрлігі басшылары, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Қаржы министрі және ҚР ҰҚК төрағасы «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін алып шығудың кейбір мәселесі туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Құжат Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шығуға алты ай мерзімге тыйым салады. Бірақ бұл талап мұнай өнімдерін бекітілген техникалық шарттарға сай жанармай багымен тасымалдайтын өндіруші зауытқа және мұнай өнімдерін 20 литрден аспайтын көлемде алып шығушыларға қатысты қолданылмайды.

Енді жанармай, дизель отыны және мұнай өнімдерінің басқа да түрін Қазақстан аумағынан тыс жерге автоцистерналармен тасымалдауға алты ай мерзімге тыйым салынады, — деген еді бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысының кулуарында.

Ведомстволардың тиісті бірлескен бұйрығы 2019 жылдың 22 қазанында шыққан, ол күнтізбенің 10 күнінен соң күшіне енеді.

ДереккөзZakon.kz