Желінің жалпы таралу ауданы — шамамен 13 шаршы шақырым. Әзірше 5G желісі Beeline-ның мобайл құрылғы қолданушыларына қолжетімсіз. Желіні сынау үшін Beeline басшылығының рұқсатымен тек кәсіпорындар қоса алады. Оған Қазақстан Үкіметі тест жүргізуге уақытша рұқсат берген.

2021 жылы Қазақстанда 5G желісі толық қосылады деп жоспарланған.

Біздің міндетіміз 5G желісін техникалық тұрғыдан сынау ғана емес, қандай мәселелерді шешу керек екенін түсіну. Нарықтың барлық қатысушысын ортақ 5G желісін салу бағытында бірігуге шақырамыз, себебі бұл — өте қымбат және өзін-өзі ақтауы ұзақ уақытты қажет ететін технология. Қазақстандағы ұялы байланыстың бүкіл абонентінде 5G желісінің жылдамдығы мен артықышылығына қосылу келешегі тең болуы үшін осы бағытта жұмыс істегіміз келеді, — деді Beeline Қазақстанның атқарушы бас директоры Евгений Настрадин.

Beeline бұл желіні алғаш рет Қазақстанда сынап отыр. Егер Шымкенттегі сынақ сәтті өтсе, Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Пәкістан, Бангладеш және басқа елдерге орнатылады.

Евгений Настрадиннің айтуынша, Қазақстан 5G желісін қосушы мемлекеттердің алдыңғы қатарында. Бұған дейін желіні ірі экономикалы Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ сияқты елдер ғана орнатқан.

Микко Лаванти
Микко Лаванти. Фото: Beeline баспасөз қызметінен

Біз мемлекеттің 5G желісін белсенді дамытуға ықпал етуге талпынысын қолдаймыз. Бұл — өте ауқымды сынақ жобасы. Оны стратегиялық серіктесіміз Beeline-мен бірге жүзеге асырмақпыз. Бұл — Қазақстанда 5G технологиясын кеңінен енгізу жолындағы маңызды кезең. Ол абоненттерге ғана емес, байланыс саласына және жалпы экономикаға пайдасын тигізеді, — дейді Nokia-ның Орталық Және Шығыс Еуропа елдеріндегі және Орталық Азиядағы вице-президенті Микко Лаванти.

IT-мамандардың айтуынша, «бесінші буын» байланыс желісі елде толық іске қосылса, Қазақстанның цифрлануы жеделдейді.

5G желісін жаппай енгізу дайындығын Beeline бастап кетті. 2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желінің ауқымды модернизациясы басталды.

Компания өкілдерінің мәліметінше, қазір Beeline байланысын Қазақстан халқының 95%-і қолданады. Олардың 65%-і 4G стандартындағы интернетке қол жеткізген.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!