Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімі...

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың грантын 90 жазушы алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ақын-жазушылармен кездесіп, атаулы гранттарды тапсырды.

Грантқа үміткерлерді Қазақстан Жазушылар одағының комиссиясы анықтайды. Грант сомасы — 500 мың теңге.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақытжан Сағынтаев биыл Қазақстан Жазушылар одағының тарихи ғимаратын жөндеу басталатынын және нысанның бұрынғы сәулет көркін сақтау басты шарттың бірі екенін атап өтті. Ал 2020 жылы Әдебиетшілер үйін жөндеу жоспарланған.

2021 жылы біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. 2020 жылы — ұлы Абай мен әл-Фарабидің мерейтойлары. Сіздердің сценарийлерді, қойылымдарды, әдеби шығарманы әзірлеуге қосатын үлестіріңіз өте бағалы, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жас жазушыларға көрсетілген сенімге алғыс айтты.

Бізге, халықтың өкілі ретінде әкімнің естуі маңызды. Бұл — әкім қала тұрғындарының қажеті мен үміт-ниетін біледі деген сөз. Өз тарапымыздан қала қоғамдастығын дамытуға өз үлесімізді қосу үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз, — деді Ұлықбек Есдаулет.

Әкімнің гранттарын алғандардың қатарында драматург Софы Сматаев, жазушы Темірхан Медетбек, ақындар Исраил Сапарбай, Надежда Чернова, Патигүл Мақсатова, Любовь Шашкова, жас ақындар Дархан Бейсенбекұлы, Досхан Жылқыбай, Ирина Гумыркина, аудармашы Нина Скаловская, сыншы Бағашар Арықбаев және басқалары бар.

Айта кетейік, 2019 жылдың 16 тамыз күні Бақытжан Сағынтаев ақын-жазушылармен кездесті. Алматы әкімі ақын-жазушыларға қолдау көрсетуді Жазушылар одағының ғимаратын жөндеуден бастайтынын айтқан еді. Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев қаламгерлер қаламақысының аз екенін де айтты. Оны біртіндеп шешу үшін қыркүйек айынан бастап 30 ақын-жазушыға грант берілетінін жеткізді. Грант алған қаламгер каржыны кітап шығару ісі сияқты шығармашылық еңбекке жұмсауы керек.