Алматыда Рухани келісім күні аталып өтті

Шараға қатысқан Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Кездесуге келіп отырған азаматтар — көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, отандастарымызды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісіне үлес қосқан жандар. Ондай іс атап айтуға тұрарлық, — деді Ержан Бабақұмаров.

Кездесуге «Діни бірлестіктер жетекшілері клубының» жетекшісі Кәкімжан Бишманов, Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шохаев, Алматы православие рухани семинариясының оқытушысы Виталий Быструшкин, Рим-Католик шіркеуінің Пресвятой Троицасы епархия куриясының канцлері Лаос Карлос, Алматыдағы Кришна санасы халықаралық қоғамының төрағасы Виктор Голоус, Алматыдағы «Өмір көзі» христиан Евангелдік Пятидесятничная шіркеуінің» бас пасторы Виталий Пак, Алматы Орталық шіркеуінің аға пасторы Александр Хан қатысты.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шара конфессияаралық қатынасты нығайтуға, қоғамда рухани келісім мен төзімділікті дамытуға бағытталды.