Алматыда Аманжол Қошановтың 85 жасы тойланды

Жиында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жасымен құттықтап, Мемлекет басшысының арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Құрметті Аманжол Қошанұлы! 85 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Сіз көрнекті ғалым ретінде отандық экономикалық ғылымды қалыптастыруға мол үлес қосып келесіз. Сіздің ғылыми еңбектеріңіз және ілгері зерттеулеріңіз тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне өзіндік пайдасын тигізе беретіні сөзсіз, — делінген құттықтау хатта.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, симпозиумға танымал отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдарының, бизнестің, халықаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.