Ержан Бабақұмаров мектеп кітапханасына 100 дана кітап сыйлады

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кітаптың 100 данасын қала әкімдігінің атынан Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров табыстады.

Ержан Бабақұмаров мектеп ұжымы мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сонымен қатар бұл мектепте көптеген талантты тұлғалардың оқығанын айтып өтті.

Гимназияда бір кездері күміс дауыс иегері Күләш Байсейітова, қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев, биші Шара Жиенқұлова, әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев, қоғам және мемлекет қайраткері Асқар Құлыбаев, ақын-жазушылар Смағұл Елубаев пен Уәлихан Қалижан білім алған, — делінген хабарламада.

Қажымхан Қасымұлы Мәсімов — мектептің бірінші қамқоршылық кеңесінің негізін қалаушы әрі төрағасы. Оның жетекшілігімен аз қамтылған отбасылар мен талантты педагогтарды қолдау тәжірибесі енгізілді.

Айта кетейік, педагогикалық конференция кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мектеп ұжымына 24 миллион теңгенің сертификатын табыстаған еді. Бұл грант «Алматы қаласындағы үздік орта білім беру ұйымы» деген атағы үшін берілді. Бұл — мектеп ұжымының ортақ жеңісі, үлкен еңбектің нәтижесі.