Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Ерлан Саировпен әңгіме барысында еліміздегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-рухани мәселелер, мемлекеттің аймақтық дамуы туралы талқыланды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары, еліміздің кейбір шекаралық аудандарының дамуы, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа сапалы білім беру жағдайы сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерлан Саиров
Фото: Akorda.kz

Мұхтар Тайжанмен өткен кездесуде жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру жайы қозғалды.

Кездесуде өңірлердегі азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту, жол салу, экология мәселелері айтылды.