Алмалы ауданында қарттарға арналған Ашық есік күні өтті

Шара аясында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қалалық емханасында қарттарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Алмалы айданының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан зейнеткерлері мен мүгедектігі бар азаматтарға, соғыс және тыл ардагерлері медициналық тексеруден өтіп, кеңес алған.

Таңғы сағат 9.00 мен 12.00 арасында азаматтарды Санжар Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетінің профессор-оқытушылары қабылдады.