Президент Ангела Меркельді Германияның ұлттық мерекесімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта бұл тек бір мемлекеттің бірігуіне ғана емес, ажырап қалған отбасылардың, туған-туыстардың қайта қауышуына жол ашты делінген.

Бұл тарихи оқиға тек Еуропаның ғана емес, әлемнің тарихын өзгерткені сөзсіз. Осы жылдар ішінде Германия қалпына келіп, мемлекетті саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытуда дүниежүзіне үлгі болды, — деп жазды Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстан мен Германия арасында қарым-қатынастар достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқанына ерекше ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық сала бойынша жалғасып, халық игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.