Басты бетЖаңалықтарТөтенше жағдайды...

Төтенше жағдайды хабарлайтын Darmen қосымшасы жасалды

Бұл туралы Алматы әкімінің ресми сайты жазды. Қазір Darmen қосымшасын 20 мыңнан астам адам пайдаланады. Қосымшаны жасау үшін Жапония мен Американың тәжірбиесі зерттелген.

Мобайл қосымша бірнеше секунд ішінде қолданушыларға төтенше жағдай қаупі мен оның болуы мүмкін зардабы туралы хабар жібереді. Алматыға жақын орналасқан сейсмодатчиктер арқылы автоматты тұрде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібере алады.

Darmen қосымшасы қолдану тәжірбиесінен өткізіліп, бұрынғы SMS-хабарламамен салыстырғанда ескертуді жедел жіберетінін көрсетті. Қосымшаны сілтемесіне кіру арқылы жүктеп алуға болады.