«Алматы қаласының метрополитені»

Метрополитен города Алматы
Мобайл қосымшаның скриншоты

Мобайл қосымшаны  iOS және Android платформасына тегін жүктеуге болады. Пойыздардың қозғалыс кестесін қарау, метрополитенде  жол жүру ақысы туралы ақпаратты қосымшаның офлайн режимінде де біле аласыз.

Қосымшаның функциялары:

  • кестеде пойыздың уақыты пен бағыты;
  • қосымша хабарлама;
  • MasterCard PayPass кабинеті;
  • станциялардың Google картадағы орналасуын;
  • метро туралы ақпарат;
  • метроның құрылу тарихын білуге болады.

City Bus Almaty

City Bus Almaty
Мобайл қосымшаның скриншоты

Қосымша iOS және Android платформасында бар. Қала ішінде қоғамдық көліктің қоғзалысын бақылауға болады. Жолақысын төлеу үшін Google картадан  терминалдарды көрсетеді.

Мобайл қосымшаның функциялары:

  • қоғамдық көліктің қозғалысын бақылауға болады;
  • «Қалай барамын?» бөлімінде қажет автобусты немесе троллейбусты көре аласыз;
  • транспорт картасы бар;
  • анықтамадан түсінбеген сұрақтардың жауабын білуге болады.

Almaty Bike

Almaty Bike
Мобайл қосымщаның скриншоты

Мобайл қосымшаны iOS және Android платформасына жүктеп, Алматыда велосипедті жалға алу мен жолу жүру картасын біле аласыз. Сонымен қатар e-mail электрон пошатының логині мен құпия сөзін жазып тіркелу мүмкіндігі бар.

Мобайл қосымшаның функциялары:

  • қаланың картасын;
  • велосипед бекетін;
  • жол қауіпсіздік ережесін;
  • жаңалықтар мен акцияларды білуге болады.

Каршеринг Anytime

Каршеринг Anytime
Фото: PlayMarket.kz

Қаладағы автокөлікті жалға алу үшін құрастырылған мобайл қосымша. Мұнда бірнеше тариф бар: минуттық және тәуліктік. Мобайл қосымшаны жүктеген соң тіркелу міндетті. Сауалнама толтырмасаңыз, мобайл қосымшаны пайдалана алмайсыз.

Мобайл қосымшаның функциялары:

  • автокөлікті алдын ала төлемсіз және келісімшартсыз жалға алуға;
  • жолақыны банк картасымен немеса бонустармен төлеуге;
  • жанармай, автокөлік тұрағын, көлік жуу мен сақтандыруды қамтамасыз етуге;
  • автокөлікті қаланың кез келген тұрағында қоюға;
  • тиімді тарифті білуге болады.

Almaty Parking

Almaty Parking
Мобайл қосымшаның скриншоты

Қосымша жақын жердегі автокөлік тұрағын табуға, төлем жасауға қолайлы. Сонымен қатар мобайл қосымша автокөлік тұрағының атауы, мекенжайы, бағасы мен сапасы жайлы ақпарат береді. iOS және Android платформасынан мобайл қосымшаны жүктеп алуға болады.

Мобайл қосымшаның функциялары:

  • Автотұраққа төлем жасауға;
  • Алматы бойынша автотұрақтардың картасын қолдануға;
  • Жақын жердегі автотұрақтарты табуға;
  • Автокөліктің тізімін көруге;
  • Әрекеттердің stories-ін білуге болады.