Басты бетЖаңалықтарБерік Әбдіғалиұлы...

Берік Әбдіғалиұлы Қарағандының Ұлытау ауданының әкімі болды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке Берік Әбдіғалиұлы тағайындалды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің кандидатурасына дауыс берді.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірегн.

Ол 1989 жылы еңбек жолын Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер болды.

ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2001-02 жылдар аралығында Теміртау әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылы Жезқазған әкімі, 2012-13 жылдары Арқалық әкімі, 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. Ол қазірге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі қызметін атқарды.

ДереккөзTengrinews.kz