Енді ұлттық университет ректорларын Президент тағайындамайды

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Президентке ведомствоның қазіргі жұмысы, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы және берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді.

Кездесуде Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы да айтылды.

Президент жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиіс міндеттер жөнінде ұсыныстарын айтып, министрге ұлттық университет ректорларын конкурс негізінде Үкімет қаулыларымен тағайындау туралы норматив құжаттар дайындауды тапсырды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университет ректорларын конкурс негізінде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде норматив құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Ректорларды Президенттің жарлығымен тағайындау туралы қазіргі процедура күшін жояды, — деп жазды Президент Twitter-де.

Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық университет мәртебесі берілген 9 ЖОО бар: әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университеті, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы және С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.

Алматыда жол талғамайтын премиум TANK 300-дің презентациясы өтті

Алматыда жол талғамайтын Great Wall Motor — TANK 300 қытайлық автоконцерннің презентациясы өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электрон билет сату жүйесімен және Алматыдағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Алматыда мектеп оқушыларымен кездесті

Президент Алматының Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығына барды.

Жанар-жағармайды шекарадан шығаруға қойылған шектеу тағы ұзарады

Елімізде автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға салынған шектеу алты айға ұзарады.

Елімізде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.